Мектеп қабырғасында жүріп ғылыммен айналысқан оқушылар. Шымкенттегі №89 мектеп-лицейінің оқушылары түрлі ғылыми жобаларды ойлап тауып, робот құрастыруды меңгеріп алды. Қауіпсіз жеделсаты мен ақылды әткеншектерді өз қолымен құрастырған балалардың зеректігіне үлкендер де тәнеті болуда. Сонымен бірге аталған білім ұясында бастауыш сынып оқушылары жатып тынығып алатын арнайы бөлмелер бар. Мұндай кабинеттер әзірге қаладағы өзге мектептердің ешбірінде жоқ көрінеді.