Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес жаңа жылдан бастап мектеп мұғалімдерінің сабақ жүктемесі азаймақ. Бұл жаңалыққа білім саласында жұмыс жасайтындар қатты қуанып отыр. Себебі ұстаздардың бос уақыты аз да болса артатын болды. Жүгі жеңілдеген мұғалімдер сол бос уақытты енді ізденіске жұмсап, ғылыми жұмыстармен айналысатын болдық деп отыр.