Келер жылдан бастап мұғалімдердің сабақ жүктемесі азаймақ

Published: 07 November 2018
on channel: TVK TV
2,602
53

Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес жаңа жылдан бастап мектеп мұғалімдерінің сабақ жүктемесі азаймақ. Бұл жаңалыққа білім саласында жұмыс жасайтындар қатты қуанып отыр. Себебі ұстаздардың бос уақыты аз да болса артатын болды. Жүгі жеңілдеген мұғалімдер сол бос уақытты енді ізденіске жұмсап, ғылыми жұмыстармен айналысатын болдық деп отыр.