Кез келген жеке тұлғаның өмірінде өзіндік орны бар, қымбат жанның бірі-ұстаз. Осы айтулы мерекені ұстаздар ұстаханасы атанған Шымкенттегі Қазақстан Инженерлі-Педагогикалық Халықтар Достығы университеті де дүркірете атап өтті. Мерекелік іс шараға оқу орнының іргетасын қалаған бір қатар ел ағалары қатысып, алғыс хаттармен де марапатталды. Салтанатты жиынға белсене ат салысқан оқу орнының ұжымы мен студенттері мерекенің мерейін асыра түсті.