2019 жылдан бастап еліміздегі оқу орындарына қаржыны мемлекет жан басына қарап бөледі

Published: 15 November 2018
on channel: TVK TV
1,999
7

. Яғни қай мектепте қанша бала оқиды, соған сәйкес ақша ажыратылады. Енді білім ұялары арасында оқушыға деген талас туындауы мүмкін. Бұл процеcс әрине білім сапасын жақсартары анық. Білім және ғылым министрлігінен Шымкентке арнайы келген мамандар өңір ұстаздарына саладағы жаңалықтардан хабардар етті.

Еліміздің білім және ғылым туралы заңына сәйкес алдағы жаңа жылдан бастап, оқу орындарына мемлекеттен қаржы жан басына шақталып беріледі. Яғни мектеп пен колледждер қанша баланы оқытып отыр, соғай сәйкес қазынадан қаражат алады. Білім және ғылым министрлігінен Шымкентке арнайы келген мамандар өңірдегі ұстаздармен кездесіп, жоғарыда аталған жаңалықтың жай-жапсарын түсіндірді. Жауаптылардың сөзінше жаңа жылдан бастап дуалді оқыту жүйесі бойынша кәсіпорында студенттерді тәжірибеге баулитын өндіріс жұмысшысына да айлық төленеді екен.