«Кастамону - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы басталды

Опубликовано: 26 Март 2018
на канале: TVK TV
97
5

Түркістан қаласында өткен ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің  XXXV отырысындағы шешімімен 2018 жыл - "Кастамону-Түркі әлемінің мәдени астанасы" жылы ретінде жарияланғаны белгілі. Осы айтулы шараның жабылу салтанатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаев өз құттықтауын жеткізіп, эстафетаны тапсырған болатын.
Биыл Ұлыстың ұлы күнінде Түркия Республикасының Кастамону қаласында айтулы шараның ашылу салтанаты өтті. Күллі түркі халықтары Наурыз мерекесін тойлады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен өткен мерекеге Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр, Татарстан, Македония сынды 19 мемлекеттен 400-ден аса делегат қатысты. Түркітілдес елдерге ортақ мерекеге Қазақстанның атынан оңтүстікқазақстандық өнер ұжымдары, оның ішінде «Қазына» би ансамблі, «Семсер» тобы, сондай-ақ Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті.