Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің арасында халықаралық қөл өнер шеберлері байқауы өтуде. Додаға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің дарынды жастары бақ сынауда. Ол қолөнер, кескіндеме, роботехника мен тігіншілік өнер түрлері бойынша сайысқа түседі. Бір қызығы жас шеберлер өз туындыларын ғаламтордағы скайп арқылы таныстырады.